Әйелдер колониясының бастығы мен бас бухгалтері пара алды деген күдікпен ұсталды

0
882

Дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасуда.


Әйелдер колониясының бастығы мен бас бухгалтері пара алды деген күдікпен ұсталды

ERNUR.KZ. ҰҚК департаментінің Атырау облысының прокуратурасымен бірлескен тексеру нәтижелеріне сәйкес бағыныстылардан 2019 жыл үшін сыйлықақы мен көтермелеу төлемдерінің бір бөлігін бірнеше мәрте алу фактісі негізінде Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/11 түзеу мекемесінің бастығы мен бас бухгалтеріне қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп жазады baq.kz.

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты ұсталғандарға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасуда.

ҚР ҚІК 201-бабы 1-бөлігіне ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол бермеу") сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.