Әйелдер үшін ең қауіпсіз елдер: Қазақстан рейтингте нешінші орында тұр?

0
1 881

Рейтингке әлемнің 167 елі енген.


Әйелдер үшін ең қауіпсіз елдер: Қазақстан рейтингте нешінші орында тұр?

Фото:mfa.gov.kz

ERNUR.KZ. National Geographic журналы әйелдердің өмір сүруіне ең қауіпсіз және қолайлы елдердің тізімі жасалған Women, Peace and Security Index (WPS Index) рейтингін жариялады, деп жазады Tengrinews.kz.

Рейтингті құру үшін негізгі үш көрсеткіш есептелген: қоғамдық-саяси және экономикалық өмірге қатысуы, қауіпсіздік және кемсітушіліктің жоқ екенін көрсететін әділдік. Рейтингке әлемнің 167 елі енген. Бірінші орынды Норвегия еншіледі, кейін Швейцария мен Финляндия тұр. Үздік бестікке Дания мен Исландия кірген.

Қазақстан тізімде 43-орында тұр.

Рейтингтің соңғы үш орны Сирия, Ауғанстан мен Йеменге берілді.