Әйелдер вагоны тағы үш пойызда болады

0
243

Бүгінде әйелдер вагондарына сұраныс артып келеді.


Әйелдер вагоны тағы үш пойызда болады

ERNUR.KZ. Қазақстанда әйелдер вагоны тағы үш бағытта жүретін пойызда болады, деп жазады sputnik.kz.

Бүгінде әйелдер вагондарына сұраныс артып келеді. Осыған байланысты "Жолаушылар тасымалы" компаниясы ондай қызметті тағы үш бағытта енгізді.
Олар:
3/4 "Астана – Алматы";
33/34 "Алматы – Ақтөбе";
71/72 "Астана – Шымкент".
Айта кетері, әйелдер вагоны алғаш рет 2021 жылы No77/78 "Алматы – Маңғыстау" және No351/352 "Алматы – Өскемен" пойыздарында енгізілген болатын жолаушылары бағалады. Ал 2022 жылдың ақпан айынан бастап "Маңғыстау – Семей", 47/48 "Астана – Атырау" және 45/46 "Павлодар – Түркістан" пойыздарында әйелдер вагондары жасақталды.