Әйелін ұрып-соқты деген күдікпен ұсталған әншінің күйеуі 2 айға қамалды

0
1 176

Оған кепілмен босап шығуға тыйым салынды.


Әйелін ұрып-соқты деген күдікпен ұсталған әншінің күйеуі 2 айға қамалды

ERNUR.KZ. Алматыда тергеу соты әйелін ұрып соқты деген күдікпен ұсталған Бауыржан Ашығалиевті 2 айға қамауға алу туралы санкция шығарды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қалалық тергеу соты күдікті Бауыржан Ашығалиевті 2 айға қамау алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады. Оған кепілмен босап шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар, оған ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімімен, 126-бабы 2 бөлімінің 1-тармағымен көзделген қылмыстарды жасады деп айып тағылды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Мұның алдында Jacpot тобының әншісі Ксения Ашығалиева өзінің күйеуі Бауыржан Ашығалиевтің ұрып-соққанын айтып Фейсбуктегі #НеМолчиKZ тобына шағымданған еді. Қылмыстық істі тексеру процесін полиция департаментінің басшысы өз бақылауына алды. Ксения Ашығалиева «Jackpot» тобының әншісі болса, оның күйеуі Бауыржан Ашығалиев осы топта гитарашы.

Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев тергеу шаралары туралы айтты.

«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 24-бабы (қорлық көрсету) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ПД тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің 126-бабының 2-бөлігімен (бас бостандығынан заңсыз айыру) қосымша іс қозғады»,- деді Серік Күдебаев.