Айфон-13 телефонынан ақау шықты

0
1 666

Ақау әлем бойынша көп адамда байқалған.


Айфон-13 телефонынан ақау шықты

ERNUR.KZ. iPhone 13 смартфонын қолданатын адамдар экрандары кенет қызғылт түсті болып кеткенін айтып жатыр, деп жазады Экспресс К.

MyDrivers сайтының хабарлауынша, мұндай ақау әлем бойынша көп адамда байқалған.

Пайдаланушылар экрандағы қызғылт түс кенет пайда болғанын айтады. Ол телефонды өшіріп-қосса да, бағдарламасын жаңартса да кетпейді.

"Мен телефонымның қорабын 10 күн бұрын ғана аштым. Еш жерге соқпадым, суға тигізбедім", — деп жазады iPhone 13 Pro Max қолданушысы.

Мұндай ақаулар туралы алғашқы ақпарат 2021 жылғы күзде пайда болған еді. Ол кезде адамдар "Мен Ресейденмін. Смартфонды қызмет көрсету орталығына тапсырдым және олар ақауды растады" деп жазған екен.

Айта кетейік, былтыр қараша айында Apple компаниясы әлем бойынша ақауы бар iPhone 12 телефондарын қайта жинай бастаған. Ол кезде компания дыбыс жағынан проблемалары бар смартфондарды қабылдаған еді.