Айгүл Әділова «Хабар 24» арнасының директоры болып тағайындалды

0
535

Айгүл Нұрханқызы - елімізге белгілі тележурналист, тәжірибесі мол, жоғары білікті маман.


Айгүл Әділова «Хабар 24» арнасының директоры болып тағайындалды

ERNUR.KZ. Айгүл Әділова «Хабар 24» арнасының директоры болып тағайындалды, деп жазады 24.kz.

Айгүл Нұрханқызы - елімізге белгілі тележурналист, тәжірибесі мол, жоғары білікті маман. Еңбек жолын Ақтөбеде бастап, «Рика ТВ», «Астана» телеарналарында, «Қазақстан» РТРК облыстық филиалында тілші, жаңалықтар жүргізушісі қызметтерін атқарды. Кейін «Евразия» бірінші арнасының» тілшісі, сараптамалық бағдарламалар редакторы, бірқатар тележобалардың жетекшісі ретінде танылды.

«Хабар» агенттігінде еңбек етіп келе жатқанына 7 жылдан асты. Тілші, редактор, жүргізуші болып, жаңалықтар және сараптамалық хабарларға жетекшілік етті. БАҚ саласындағы бірнеше республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.