Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

0
189

Биылғы 25 мамыр ерекше форматта өтіп жатыр.


Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3 маусымда санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып мектеп бітірушілері үшін аттестат тапсыру салтанаты өтеді.

"Биылғы сабақ ерекше форматта өтіп жатыр. Әлемдік пандемия біздің күнделікті өмірімізді түбегейлі өзгертті. Биылғы оқу 4 миллионннан астам оқушы мен студент үшін қашықтықтан оқыту форматы сипатында есінде қалады деп ойлаймын.Қысқа уақыттың ішінде барлығыңыз жұмысты дұрыс ұйымдастыра білдіңіздер. Бұл - мұғалімдердің, ата-аналардың, оқушылардың бірлескен әрекетінің нәтижесі деп білемін" деген министр Facebook-тегі парақшасына жүктеген видеодағы құттықтау сөзінде осы үшеудің әрқайсысына жекелей тоқталады.


Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет