Айналып жүрген ұшақ алматылықтардың үрейін ұшырды

0
736

Air Astana әуекомпаниясының ұшағы қаланың үстінен бірнеше рет айналып ұшқан.


Айналып жүрген ұшақ алматылықтардың үрейін ұшырды

ERNUR.KZ. Айналып жүрген ұшақ алматылықтардың үрейін ұшырды, деп жазады Tengrinews.kz.

Flightradar.com сервисінің мәліметіне сәйкес, Air Astana әуекомпаниясының ұшағы қаланың үстінен бірнеше рет айналып ұшқан.

Әуекомпанияның баспасөз қызметі бұл жаттығу екенін хабарлады. Бұл жаңадан келген ұшқыштар үшін жазғы жаттығудың бір бөлігі екен.

"Аэродром жаттығуы "конвейерден" бірізді ұшуды, жоспар бойынша Алматы әуежайы ауданында "шеңбер" бойынша ұшуды, одан кейінгі қонуларды және екінші айналымға баруды қамтиды.
Әрбір ұшқыш дайындық деңгейіне байланысты - төрттен алтыға дейін және екінші айналымға баруды жасауы керек. Жаттығудың орташа уақыты - 4-6 сағат.
Қазіргі таңда жаңа ұшқыштардың келуін ескере отырып, айына екі-төрт жаттығу рейсі орындалады", - делінген Air Astana таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, әуекомпания мұндай жаттығулар тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен өтетінін атап өтті. Жаттығу кезінде ұшақ бортында жолаушылар мен бортсеріктер болмайды екен.