Air Astana рейстердің кешігетінін ескертті

0
483

Компания рейс орындалмаған немесе кешіккен жағдайда заң бойынша әр 2 сағат сайын сусын, 4 сағаттан кейін ыстық тамақ берілетінін еске салды.


Air Astana рейстердің кешігетінін ескертті

ERNUR.KZ. "Air Astana" әуе компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты республика бойынша рейстердің кешігуі және тоқтатылуы мүмкін екенін ескертті, деп жазады sputnik.kz.

Компания рейс орындалмаған немесе кешіккен жағдайда заң бойынша әр 2 сағат сайын сусын, 4 сағаттан кейін ыстық тамақ берілетінін еске салды.
"Егер рейс күндіз сегіз сағаттан, түнде алты сағаттан артық кешігетін болса, тасымалдаушы компания жолаушыларды қонақүйге орналастырады және көлікпен қамтамасыз етеді", - дейді компания мамандары.
Ал тасымалдаушының кесірінен рейс он сағаттан астам уақытқа тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда жолаушының таңдауы бойынша келесі рейспен діттеген жеріне жеткізіледі немесе билеттің толық құны қайтарылады.
Рейс орындалмаған немесе кешіктірілген жағдайда airastana.com веб-сайтындағы төменгі оң жақ бұрыштағы онлайн-кеңесшілерге немесе +7 702 702 01 48 WhatsApp нөміріне, сондай-ақ рейстің тоқтатылуы мен кешігуіне байланысты ақшаны қайтару үшін help.airastana.com сайтындағы көмек орталығына хабарласуға болады. Жедел желінің телефоны: +7 7272 44 44 78.