Айсұлтан Сейітов Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» атанды

0
315

Шанхай кинофестивалі – кең халықаралық бағдарламасымен әйігілі Қытайдың ең ірі кинофестивалі және әлемдегі ең беделді байқаулардың бірі.


Айсұлтан Сейітов Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов «ҚАШ» дебюттік фильмі үшін ХХV Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Кинофестиваль бағдарламасына фильмді Айсұлтан Сейітов, «Qara Studios» бас продюсері Еркебұлан Күрішбаев пен сценарий авторы Абылай Нұрманбетов ұсынды. Картина шорт-листке еніп, «Asian New Talent» санаты бойынша үш номинацияға іліккен еді:

Best Film – Aisultan Seitov

Best Director – Aisultan Seitov

Best Script Writer – Ablay Nurmanbetov

Жүлде статуэткасы мен фестивальдегі суреттерін Айсұлтан Сейітов желідегі парақшасында жариялады.

«ҚАШ» 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылық қасіретін екі ағайындының басынан өткен оқиға арқылы баяндайды. Фильмнің түсірілімі 2020 жылы басталса, 2022 жылы туынды Қазақстанға кеңінен тарады. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қазақстандық сыншылар тарапынан да бірқатар марапатқа ие болды. Жақында әлемдік прокатқа жіберіледі.

Шанхай кинофестивалі – кең халықаралық бағдарламасымен әйігілі Қытайдың ең ірі кинофестивалі және әлемдегі ең беделді байқаулардың бірі. Шара 18 маусымға дейін жалғасады.