Айыппұл салынады: Қазақстанда туды қолданудың шарттары жарияланды

0
864

Ақтоты Райымқұлова туды дұрыс ілмегені үшін айыппұл салынатынын айтты.


Айыппұл салынады: Қазақстанда туды қолданудың шарттары жарияланды

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова туды ілудің шарттарын атады, деп жазады Stan.kz.

Өздеріңізге белгілі мемлекет басшысының 2020 жылғы 27 қазанда мемлекеттік туды пайдалануға қатысты қолданыстағы мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау туралы тапсырмасы берілді.

"Ендігі кезекте енгізілген өзгерістердің нәтижесінде азаматтық туды пайдалану аясы заңнамалық тұрғыда кеңейтіліп отыр. ҚР мемлекеттік туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда, тұрғын үйлерде, оның ішінде балкондарда, ғимараттарда, салтанатты іс шаралар өткізілетін орандарда пайдалануға рұқсат беріледі", - дейді Раймқұлова.

Сонымен қатар, ту ұлттық стандартқа сай келмейтін болса, онда адамға әкімшілік құқықты бұзғаны үшін айыппұл салынады. Оған қоса, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік туды қорлау нысаны ретінде пайдалана алмайды.

"ҚР туы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі керек. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік туды ұлттық стандарттарды бұза отырып пайдалануға жол берілмейді. Өз кезегінде ҚР туы қойылатын нысандарды, мөлшердің және техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандартты бұзу болып есептеледі. Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін ҚР туын заңсыз дайындағаны үшін айыппұл қарастырылған", - дейді министр.

Оған қоса Ақтоты Райымқұлова туды дұрыс ілмегені үшін де айыппұл салынатынын айтты.

"Егер ту дұрыс ілінбесе, туға басқа заттар кедергі болып тұрса, ту кірлесе, былғанса әкімшілік жауапқа тартылатын болады", - деп нақытлады министр.