Айзат Молдағасимова жаңа қызметінен де айырылды

0
504

Ол жұмысынан 14 қыркүйекте босатылған.


Айзат Молдағасимова жаңа қызметінен де айырылды

ERNUR.KZ. Айзат Молдағасимова сынақ мерзімінде өзін көрсете алмауына байланысты жаңа жұмысынан босатылды, деп жазады zakon.kz.

14 қыркүйекте Айзат Молдағасимова Жұматов атындағы ғылыми гигиена орталығының директоры қызметінен босатылды. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі оның себебін Молдағасимованың сынақ мерзімінде өзін көрсете алмауымен байланыстырып, түсініктеме берді.

2020 жылдың сәуірінде Молдағасимова Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қызметінен қызметтік тергеу жүргізу мерзімі кезінде босатылды. Оған Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерінің КВИ жұқтыруынан туындаған жанжал себеп болды. Ол бұл жағдайда медицина қызметкерлерінің өзі барлық сақтық шараларын сақтамауы себеп болуы мүмкін екенін айтты. Дәрігерлер Молдағасимованы жала жапты деп айыптады.

Маусым айында оның Алматыдағы Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының басшысы болып тағайындалғаны белгілі болды. Бір-екі айдан кейін ол өзінің Facebook-тегі парақшасында Орталыққа билік тарапынан аз көңіл бөлінетіндігі, ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілмегені, соңғы үш айда үш тексеру жүргізілгені, ал қызметкерлерге жалақы төленбей жатқанын жазған.