Ақбөкендер аштықтан қырылып жатыр

0
3 047

​Батыс Қазақстан облысындағы ақбөкендердің жаппай қырылуы тоңның жібімеу салдарынан орын алған. Қалың мұздан талғажау боларлық ас таппаған жануарлардың бүгінгі халі мүшкіл.


Ақбөкендер аштықтан қырылып жатыр

Батыс Қазақстан облысындағы ақбөкендердің жаппай қырылуы тоңның жібімеу салдарынан орын алған. Қалың мұздан талғажау боларлық ас таппаған жануарлардың бүгінгі халі мүшкіл, деп хабарлайды Zakon.kz .

Ақжайық ауданына қарасты Чапаев ауылы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі мекемесінің басшысы Қайрат Қатешовтың айтуынша, 21-22 наурыз күндері ауа-райы күрт суытып, қар аралас жауын жауған. Соның салдарынан қалың мұз қатып, оның соңы осындай жағдайға әкеп соқтырды.

-Осы екі күн ішінде жеті бас ақбөкен өліп отыр. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі мекемесінің қызметкерлері жануарларға жем-шөп жеткізгенімен олар алғашқыда адам аяқ басқан жерге жақындай қоймаған. Әйтсе де әлсіздік пен аштықтан бұратылған жануарлар аса сақтықпен азықтанып жатқан көрінеді.

Батыс Қазақстан облысында бүгінде 100 бас ақбөкен есепте тұр. Олар Бөкейорда, Қазталда және Жанғали аудандарында көп мекендейді.