"Әкім коронавирус жұқтырған": Қарағандылық әйел 7 жылға қамалуы мүмкін (видео)

0
821

Ол Бұқар Жырау ауданының әкімі коронавирус жұқтырғаны туралы жалған ақпарат таратқан.


ERNUR.KZ. Полицейлер Бұқар Жырау ауданының әкімі коронавирус жұқтырды деген жалған ақпарат таратқан күдіктіні ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.

4 сәуірде «WhatsApp» мессенджеріне мониторинг кезінде Бұқар Жырау ауданының әкімі коронавирус жұқтырғаны туралы аудиожазба тарағаны анықталды.

«Аталмыш дерек шындыққа сәйкес келмейді. ҚК-нің 274-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату). Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің 40 жастағы әйел екенін анықтады. Ол аталған қылмысты жасағанын мойындады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының полиция департаменті кезекті рет азаматтарды әлеуметтік желілерде пайда болған жалған ақпаратқа сенбеуге және ермеуге шақырады. Мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне ғана сүйену керек. Мұндай қылмыс жасағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.