Әкім жеңімпаздарға неге әтеш пен ешкі сыйлағанын түсіндірді

0
548

"Тірі сыйлық" сыйлау әкімнің хоббиі екен.


Әкім жеңімпаздарға неге әтеш пен ешкі сыйлағанын түсіндірді

ERNUR.KZ. Павлодар облысындағы ауыл әкімі тұрғындарға сыйлық ретінде неге қозы, әтеш және қоян беретінін түсіндірді, деп жазады тengrinews.kz.

Жақында Тереңкөл ауылының әкімі Аждар Жүсіпов 125 кітап оқыған 5-сынып оқушысына қозы сыйға тартқан еді. Оның айтуынша, адамдарға материалдық заттарға қарағанда жануарлар көбірек қуаныш сыйлайды. Аждар Жүсіпов бұған дейін Павлодарское ауылының әкімі болған. Сол кезде ол ауыл тұрғындары арасында түрлі конкурстар ұйымдастырып, "тірі сыйлықтар" табыстауды бастаған екен.

"Хоббиім сондай - тек қана асыранды жануарлар сыйлаймын. Осындай сыйлықтар қажеттірек деп санаймын. Ақша берсең, ол бірден жұмсалып кетеді. Ал жануар сыйласаң, адамдар қуанып қалады. Жақында кітапханамыздың үздік оқырманы атанған бесінші сынып оқушысына қозы сыйладым. Ол аз қамтылған отбасыдан екен. Әкесінің айтуынша, қозы олардың шаруашылығына жәрдем болады. Бұл пайдалы сүт қой", - деді Жүсіпов.

Әкім берген "тірі сыйлықтардың" ішінде тауыс та болған. Экзотикалық құсты Аждар Жүсіпов Павлодар орталық мешітіне сыйлаған. Әкім "не сыйлаймын" деп бас қатырмайды екен.


"Идея аяқ астынан келеді. Қазір біздің ауылымызда 30 көпбалалы отбасы бар. Наурызда осындай отбасылардың балалары арасында Рубик кубигін жинау бойынша жарыс өткізбекпіз. Жеңімпаздарға әтештер мен қояндар сыйлаймын. Басқа ештеңе бере алмаймын", - деп ауыл әкімі жоспарымен бөлісті.



Айта кетерлік жайт, Жүсіпов Тереңкөл ауылының әкімі қызметіне бір апта бұрын ғана тағайындалған. Осы уақыттың ішінде ауыл тұрғындарының сеніміне кіріп үлгеріпті.

"Кәсіпкерлер идеямды қолдады. "Тірі сыйлықтармен" көмектесіп тұрады. Маған не берсе, соны сыйлаймын. Кей ауыл әкімдеріне мен ұнамаймын. Мен олардың ойынша өзіме пиар жасап жүрмін, популизммен айналысады екенмін. Ал мен тек өз жұмысымды көрсетемін. Халыққа қуаныш сыйлағым келеді", - дейді әкім.

Аждар Жүсіпов креатив идеялары мен сыйлықтарының арқасында бұрыннан танымал болған. Павлодарское ауылының әкімі болып тұрғанда жарыстар ұйымдастырып, ауыл тұрғындарына әтеш, тауық, қозы, қой, бұзау сыйға тартатын. Тіпті, мектеп түлектері мен соғыс ардагерлерінің жесір әйелдерін лимузинмен қыдыртқан.



Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет