​Әкімдік бойжеткеннің суретіне қатысты түсініктеме берді

0
287

Әлеуметтік желілерде 29 маусым күні Атыраудағы «Теңіз» кен орнында болған мұнайшылар көтерілісі кезінде шетел азаматымен суретке түскен қазақ қызының соққыға жығылғаны туралы ақпарат пен сурет тарады.


​Әкімдік бойжеткеннің суретіне қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Әкімдіктегілер аталған суретке қатысты түсініктеме берді. Атырау әкімдігінің қызметкері Серік Ерментаев дәл қазір өңірде жағдайдың тұрақталғанын айтады. Тек бірнеше ондаған адам жеңіл жарақат алған, деп хабарлайды ktk.kz.

«Дәл қазір Теңіз ықшам ауданында жағдай тұрақты. Алдыңғы күні 30-дан астам адам жеңіл дене жарақатын алды. Оларға дәрігерлер уақытылы көмек көрсетті. Осы кезде өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деді ол.

Әрі қарай әкімдік қызметкері желіде тарап жатқан суреттерге қатысты пікір білдірді.

«Шетел азаматымен суретке түскен қыздың аяусыз соққыға жығылғаны, тағы бір ер адамның басын металмен тесіп тастағаны туралы ақпараттардың барлығы жалған. Сөзімнің растығына интернеттен тексеру арқылы көз жеткізе аласыздар. Теңіздегі бұл шиеленіске қатысты түрлі жалған ақпарат өріп жүр. Біз азаматтардан ел тыныштығы үшін жалған ақпарат таратпауын сұраймыз», - деді олар.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет