Әкімдік гранттарын тағайындау конкурсына құжаттар қабылдау мерзімі ұзартылды

0
1 157

2020-2021 жылғы оқу жылына 2540 әкімдік гранты бөлінген.


 Әкімдік гранттарын тағайындау конкурсына құжаттар қабылдау мерзімі ұзартылды

ERNUR.KZ. Әкімдік гранттарын тағайындау конкурсына құжаттар қабылдау мерзімі үзартылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Достар, жақсы жаңалық! Жергілікті атқарушы органның (әкімдік) гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау мерзімі 18 тамызға дейін ұзартылды. Егер жалпы грант бойынша түспеген болсаңыз, онда бұл мүмкіндікті өткізіп алмаңыз. Сәттілік!», деп жазады Ұлттық тестілеу орталығы.

Еске сала кетсек, 2020-2021 жылғы оқу жылына 2540 әкімдік гранты бөлінген.