Әккі ұрылар банктен шыққан азаматтың соңына түсіп, ақшасын қолды етті (видео)

0
597

Полицияның мәліметінше, ұрылар еліміз бойынша осындай қылмысқа барған.


Әккі ұрылар банктен шыққан азаматтың соңына түсіп, ақшасын қолды етті (видео)

Кадр бейнебақылау камерасынан алынған видеодан

ERNUR.KZ. Өскеменде банк клиенттерін аңдыған әккі ұрылар ұсталды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Олардың қатарында күндізгі уақытта 720 мың теңгесінен қағылған қала тұрғыны бар.

Бейнебақылау камералары арқылы қылмыскерлердің бұл "операцияны" қалай жүзеге асырғанын көруге болады. Олар маска мен бас киім киіп алған.
Осылайша, банкте ірі қаражат алғандарды аңдыған. Сөмкесі бар ер адамды таңдап, базарға дейін оның ізіне түседі. Сол жерде жымысқы әрекеттерін жүзеге асырып, ер адамның ақша салынған сөмкесін жұлып алып қашады.
Олжаға кеңелгендер көлігімен Павлодар облысы арқылы елордаға жолға шығады.
Полиция оларды сол жерде ұстады. Күдіктілер 39 және 55 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары болып шықты. Полицияның мәліметінше, ұрылар еліміз бойынша осындай қылмысқа барған.
"Қарақшылар тонау уақыты мен орынды алдын-ала жоспарлаған, олар бұл үшін адамдар көп әрі қарбалас жерлерді таңдағандарын мойындады. Ақша жәбірленушіге қайтарылды, алайда ұрылар оның бір бөлігін жұмсап үлгерген. Ұрылар өз кінәсін мойындады, Өскемен қаласының полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Өскемен қаласының полиция басқармасының басшысы Андрей Мула.
Олардың бұған дейін де сотталғаны анықталды.