Ақмола облысында 3 мыңға жуық адам Қазақстан азаматтығынан айырылды

0
496

Ал Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған 44 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Ақмола облысында 3 мыңға жуық адам Қазақстан азаматтығынан айырылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қос азаматтық фактілерін анықтау және алдын алу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп жазады zakon.kz.

"2022 жылдың басынан бастап Ақмола облысының аумағында қос азаматтығы бар 2 617 адамға қатысты азаматтығынан айырды", - деп жазады Polisia.kz.

Олар Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша айыппұл түрінде жаза қолданылған.

Ал Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған 44 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.