Ақмола облысында 6 автокөлік тиелген КамАЗ аударылып қалды

0
776

Жол апаты 21 қазан күні "Екатеринбург – Алматы" автожолында болған.


Ақмола облысында 6 автокөлік тиелген КамАЗ аударылып қалды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 6 автокөлік тиелген КамАЗ аударылып қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

6 автокөлікті тасымалдаған Mercedes Actros жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген. Сондай-ақ жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші жеңіл дәрежеде мас күйде болған. Ол апат жасағаннан кейін оқиға орнынан жасырынуға тырысқан.

Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, тек машиналар механикалық зақымданды. Материалдық залал нақтыланатын болады.

«33 жастағы жүргізушіге қатысты көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ ол апат орнын қалдырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жіберілді», - деп көрсетті ҚР ІІМ.