Ақмола облысында аңшы абайсызда балықшыны атып тастады

0
1 044

Бытыра оның мойнының сол жағына тиген.


Ақмола облысында аңшы абайсызда балықшыны атып тастады

ERNUR.KZ. Есіл өзенінде балық аулап отырған ер адамның мойны мен кеудесіне бытыра тиген, деп жазады exk.kz.

Атбасарға жақын маңда аңшылыққа шыққан 32 жастағы ер адам абайсызда абыройсыздыққа тап болды. Оның атқан оғы өзен жағасында отырған балықшыны жаралаған. Жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген жапа шегушіге операция жасалды.

"Бытыра оның мойнының сол бетіне тиген. Сондай-ақ бұғанасының жоғары жағы және кеудесі жараланған. Қазір науқастың жағдайы тұрақты. Травматология бөлімшесіне ауыстырылды", деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Полицейлер оған Атбасар тұрғынының қаруынан атылған оқтың тигенін анықтады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.