​Ақмола облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен шетелдік табылды

0
7 762

52 жастағы ер адам Краснофлотское ауылының шаруа қожалығында жұмыс істеген.


​Ақмола облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен шетелдік табылды

Ақмола облысында жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы табылды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Полиция Өзбекстан Республикасының хабар-ошарсыз кеткен азаматы Рахманқұлов Құлмаханбет Абдухалилұлын іздестіріп, тапты. Ер адамды бір ай бойы полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеді.

Рахманқұловтың хабар-ошарсыз жоғалып кеткені туралы арыз 22 қаңтарда Біржан сал ауданының полиция бөліміне түскен. Туыстарының айтуынша, 52 жастағы ер адам Краснофлотское ауылының шаруа қожалығында жұмыс істеген.

Іздеу шаралары ауа райының қолайсыздығына қарамастан тоқтаған жоқ. Жоғалған кісі 24 ақпанда Степногорск қаласына жақын орналасқан Қарабұлақ ауылында табылды.