Ақмола облысында депутаттардың көшпелі отырысы өтеді

0
1 514

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровтың жетекшілік етуімен Ақмола облысының Шортанды ауданында көшпелі отырыс өтеді. Іс-шарада депутаттар Аграрлық ғылымды дамытудың келешегі мен оның нәтижелерін ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізу мәселелерін талқылайды. parlam.kz


Ақмола облысында депутаттардың көшпелі отырысы өтеді

фото:parlam.kz

Бейсенбі, 8 ақпан күні Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровтың жетекшілік етуімен Ақмола облысының Шортанды ауданында көшпелі отырыс өтеді. parlam.kz

Іс-шарада депутаттар Аграрлық ғылымды дамытудың келешегі мен оның нәтижелерін ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізу мәселелерін талқылайды. Отырысқа Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко, Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ, Ауылшаруашылық вице-министрі Арман Евниев пен Әділет министрлігінің өкілдері, ғылым саласы мен Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарының әкімдіктерінен өкілдер қатысады деп күтілуде. Көшпелі отырыс сағат 15-00-де, А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында басталады.