Ақмола облысында дизель тасымалдайтын 8 вагон аударылып қалды

0
941

Заңда қарастырылған тәртіп бойынша келтірілген шығынды жүк вагонының меншік иесін өтейтін болады.


Ақмола облысында дизель тасымалдайтын 8 вагон аударылып қалды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Ақкөл стансасы аумағында жүк пойызының вагондары теміржолдан шығып кетіп, аударылып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

5 мамырда сағат 01:55-те Ақмола облысының Нұр-Сұлтан теміржол учаскесіне қарасты Ақкөл стансасында жүк пойызының 8 вагоны теміржолдан шығып кетті (оның бесеуі аударылып қалды) және дизель төгілген. Оқыс оқиғаның тексеру үшін арнайы тергеу комиссиясы құрылды.

Апат салдарын жою үшін Бурабай курорты мен Нұрсұлтан қаласының қалпына келтіруші және өрт сөндіруші пойыздары, сонымен қатар Ақкөл ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері мен өрт сөндіргіш машиналары тартылды. Апатқа вагонның (меншік иесі «Исткомтранс» ЖШС) бүйір рамасының майысуы себепші болған. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Осы учаскедегі жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы штаттық режімде жүзеге асырылуда. Заңда қарастырылған тәртіп бойынша келтірілген шығынды жүк вагонының меншік иесін өтейтін болады.