Ақмола облысында екі мұғалім жалған дипломмен колледжде жұмыс істеген

0
2 472

Оқу орнының басшысы бұл жайында полицияға хабарлап айтқан


Ақмола облысында екі мұғалім жалған дипломмен колледжде жұмыс істеген

ERNUR.KZ. Ақмола облысында колледж басшысы жалған дипломы бар педагогтарды анықтады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ақмола облысының колледжінде жалған дипломы бар 2 оқытушы сабақ беріп келген. 10 наурызда оқу орнының басшысы бұл ақпаратты полицияға хабарлап айтқан.

«Полиция қызметкерлері облысқа қарасты ауылдардың бірінің 48 және 49 жастағы тұрғындарын анықтады. Олар колледжде Педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін білім бөліміне жоғары білім туралы жалған диплом ұсынған», - делінген хабарламада.

Педагогтарға 385-баптың 3-бөлігі – «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік награданы қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Олар өз кінәсін мойындады. Әйелдердің осы құжаттармен 2018 жылдан бастап жұмыс істегені анықталды.