Ақмола облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

0
1 504

Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.


Ақмола облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 37 жастағы ер адам 15 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

716.kz өңірлік жаңалықтар порталының жазуынша, Бурабай ауданының қарт тұрғыны наурызда 15 жастағы немересін өгей әкесі зорлағанын мәлімдеген.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша Бурабай аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Түскен арызға сәйкес, қылмыс биылғы наурыз айында болған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-бөлігі (Кәмелетке толмағанға қатысты зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары аясында қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалар жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды», - делінген ПД хабарламасында.