Ақмола облысында ер адам өз автокөлігінде уланып көз жұмды

0
1 040

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тексеріс жүріп жатыр.


Ақмола облысында ер адам өз автокөлігінде уланып көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 46 жастағы ер адам өз автокөлігінің ішінде иіс тиіп көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның дерегі бойынша, оқиға 15 қаңтарда Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында орын алған.

«1972 жылы туған ер адамның денесі өзінің гаражында тұрған «Ваз-21213» көлігінің ішінен табылды», – деп түсіндірді Ақмола облысының ПД баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тексеріс жүріп жатыр.