Ақмола облысында ерлі-зайыптылар төсегінде өлі күйінде табылды (видео)

0
2 753

Тәртіп сақшылары есікті бұзып кіргенде, жатқан жерінде жан тапсырған ерлі-зайыптыны көреді.


Ақмола облысында ерлі-зайыптылар төсегінде өлі күйінде табылды (видео)

ERNUR.KZ. Ақмола облысында ерлі-зайыптылар төсегінде өлі күйде табылды. Болжам бойынша, 10 жылдан бері табыт жасаумен айналысатын 60 жастағы азамат әйелімен бірге пештен шыққан ыстан улануы мүмкін, деп хабарлайды ktk.kz.

Не телефонға жауап бермей, не есігін ашпаған соң туыстары полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары есікті бұзып кіргенде, жатқан жерінде жан тапсырған ерлі-зайыптыны көреді. Олардың денесінде ешқандай зорлық ізі жоқ. Марқұмдардың балалары Ресейде тұрады екен. Туыстарының сөзінше, үй иелері бұған дейін пештен түтін шығып, үйдің іші ыс болатынын талай айтқан. Бірақ олардың нақты неден өлгені тек «сараптамадан кейін белгілі болады» дейді құтқарушылар.

- Олардың неден қайтыс болғаны әлі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалғанымен, бізге ешқандай ақпарат түскен жоқ. Мүмкін қылмыс болған шығар. Оның барлығы тексеріледі, - дейді Ақмола облыстық ТЖД басқарма бастығы Денис Шелкоплясов.