Ақмола облысында қарулы ер адам өз әйелін кепілге алды

0
1 099

Қаруланған ер адам білім беру бөлімінің ғимаратынан кету үшін көлік сұраған.


Ақмола облысында қарулы ер адам өз әйелін кепілге алды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында полицейлер бұрынғы күйеуі кепілге алған әйелді босатып алды. 33 жастағы ер адам аудандық білім беру басқармасының директорының кабинетінде әйелді кепілге алып, балаларын қайтаруын талап еткен, деп жазады Stan.kz.

22 сәуірде таңертеңгі уақытта Қорғалжын аудандық полиция бөліміне Қорғалжын аулындағы білім беру басқармасының директорының кабинетінде 33 жастағы ер адамның бұрынғы әйелін кепілге алғаны туралы қоңырау түскен. Жантеке аулының қаруланған тұрғыны 1988 жылғы бұрынғы әйелінен балаларын қайтаруын талап етіпті. Сонымен қатар білім беру бөлімінің ғимаратынан кету үшін көлік сұраған.

Құқық қорғау органдары бірден жұмылдырылып, ғимарат қоршауға алынды. Күдіктіні танитын полиция қызметкерлерінен келіссөз жүргізушілер тобы құрылған. Нәтижесінде полицейлер кепілге алынған әйелді босатып алды.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде күдікті ұсталды. Одан тегіс ұңғылы қару мен пышақ тәркіленді. Оның тегіс ұңғылы қаруға рұқсаты болған. Кепілге алынған әйел босатылды. Оны медициналық қызметкерлер тексерді. Денесінен жарақат белгілері табылған жоқ», - дейді полициядағылар.

Операция барысында көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 261-бабы 2-тармағына (Кепілге алу) сәйкес сотқа дейінгі өндіріс қозғалды. Күдікті 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.