Ақмола облысында қонаққа барған ер адам етке қақалып жан тапсырды

0
1 026

Қайғылы оқиға 22 наурызда болған.


Ақмола облысында қонаққа барған ер адам етке қақалып жан тапсырды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында астаналық ер адам етке қақалып көз жұмды деп жазады stan.kz.

Қайғылы оқиға 22 наурызда болған.

"Сандықтау аудандық полиция бөліміне Астана қаласының 55 жастағы тұрғынының өлімі туралы ақпарат келіп түсті. Куәгерлердің жауабына сәйкес марқұм ет жеп отырып қақалып, тұншыға бастаған. Алдын ала мәліметке сәйкес ер адамның өліміне тыныс жолдарына тұрып қалған тамақтың кесірінен туындаған механикалық асфиксия себеп болған", – делінген хабарламада.

Ер адам ауылдардың біріне қонаққа келген. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.