Ақмола облысында өрт болып, үш бала қаза тапты

0
398

Алты айлық сәби ғана аман қалды.


Ақмола облысында өрт болып, үш бала қаза тапты

ERNUR.KZ. Кеше, 25 қараша күні Ақмола облысы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда үй өртеніп, үш кішкентай бала қаза болды, деп жазады stan.kz.

25 қарашада Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда тұрғын үй өртке оранды. Өрт кезінде үш бала қаза тапты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттен екі жасар бала мен алты жасар қыздың мәйітін алып шыққан. Кейін үйінді астынан тағы бір бала өлі күйінде табылды.

Алты айлық сәби ғана аман қалды. Бала оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақмола облысының өрт сөндірушілеріне өртті сөндіруге арнайы екі көлікпен келген 12 адамнан тұратын астаналық құтқарушылар көмектесті.

Құзырлы органдар әзірге басқа мәлімет берген жоқ.