Ақмола облысында пара бергені үшін казино заңгеріне 185 млн теңгедей айыппұл салынды

0
330

Ведомствоның баспасөз қызметі сотталған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылғанын атап өтті.


Ақмола облысында пара бергені үшін казино заңгеріне 185 млн теңгедей айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында казино заңгері пара бергені үшін сотталды, деп жазады Zakon.kz

2 мамыр күні Бурабай аудандық сотының үкімімен казиноның заңгері елеулі мөлшерде пара бергені үшін сотталып, оған жиырма есе мөлшерде, 184,5 млн теңге айыппұл салынды.

"Ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметін тексеру нәтижелерін оң шешкені үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды".ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның баспасөз қызметі сотталған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылғанын атап өтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.