Ақмола облысында полиция қызметкерлері ұсталды - ҰҚК

0
581

Ұсталғандар лауазымдық өкілетін теріс және асыра пайдаланды деп күдікке ілінген.


Ақмола облысында полиция қызметкерлері ұсталды - ҰҚК

ERNUR.KZ. Ақмола облысының ПД басқарма бастығы мен аға жедел уәкілі ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

"2022 жылғы 10 сәуірде Көкшетау қаласында ҰҚК полицияның жеке қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесіп, Ақмола облысы ПД басқарма бастығы мен аға жедел уәкілін ұстады. Ұсталғандар лауазымдық өкілетін теріс және асыра пайдаланды деп күдікке ілінген. Процессуалдық іс-шаралар барысында тергеліп жатқан іске қатысы бар ақшалай қаражат алынды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, ұсталғандарға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалған. ҚР ҚК-ның 361-бабы 2-1-бөлігі және 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.