Ақмола облысында психиатриялық ауруханадан қашып кеткен адам іздестіріліп жатыр

0
460

Беспалый Константин Вячеславович, 1978 жылы туған


Ақмола облысында психиатриялық ауруханадан қашып кеткен адам іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Ақмола облысында Зеренді ауданы, Алексеевка ауылындағы психиатриялық ауруханадан қашып кеткен 45 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр. Облыстық Полиция департаментінің жеке құрамы қашқынды іздеуге жұмылдырылды, деп жазады tengrinews.kz.

Беспалый Константин Вячеславович, 1978 жылы туған, Жақсын ауданы, Қима ауылының тумасы. Ол 14 желтоқсанда сағат 18:30 шамасында нысаннан рұқсатсыз шығып кеткен. Бұл туралы сол күні полиция бөлімінің кезекші бөлігіне телефон арқылы психиатриялық аурухананың дәрігері хабарлаған.

Белгілері: бойы 170-175, дене бітімі арық. Ерекше белгілері: қылилық Үстінде: көк капюшоны бар күртеше, қара баскиім, қоңыр етік.

Қазіргі уақытта Ақмола облысы Полиция департаментінің жеке құрамы ер адамды анықтау және ұстауға жұмылдырылған.

"Полицейлер азамат К.В.Беспалыйдың жүрген жері туралы мәлімет білетін азаматтарды жедел түрде мына телефондарға хабарлауды сұрайды: 8716-32-2-12-02 немесе 102, ұялы телефон: 8771-371-41-02 , 8705 -625-54-93", - деді ведомство өкілдері.