Ақмола облысында "Серпін" бағдарламасы бойынша түркістандық 68 жас білім алуда

0
1 286

Жалпы, 2018-2019 оқу жылында Ақмола облысында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 1746 студент білім алуда.


Ақмола облысында

"ТҮРКІСТАН-ПЕТРОПАВЛ-ҚОСТАНАЙ-КӨКШЕТАУ" ақпараттық турының соңғы бекеті - Ақмола облысы болғандықтан, түркістандық делегация Бурабай, Зеренді жерін аралап, облыс орталығы - Көкшетау қаласына сапар жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұнда қазіргі таңда Түркістан өңірінен 2018-19 жылдары 68 жас "Серпін" бағдарламасымен оқуға түскен.

Жалпы, 2018-2019 оқу жылында Ақмола облысында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 1746 студент білім алуда. Оның ішінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде -1356, колледждерде - 390 азамат оқу оқып жүр.

Соның бірі - 2017-2018 ж. "Жас Отан" Жастар қанаты бөлімінің "Үздік басшысы" номинациясын жеңіп алған Құрманбек Әділет. Кентау қаласының тумасы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде ерікті болып қызмет еткен. Қазіргі таңда Ақмола облысының жас белсенділерінің бірі. Әділет секілді Түркістан өңірінен келіп, түрлі республикалық, облыстық шараларға қатысып жүрген жастар өте көп.

Сондай-ақ білімді жастар өмірімен танысқан БАҚ өкілдерімен Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин арнайы кездесіп, қонақтарға "Жер жәннаты - Ақмола" танымдық кітабын сыйлап, сәт сапар тіледі.

Дереккөз: Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі