Ақмола облысында сібір жарасының өршуіне байланысты ет-сүт өнімдерін өңірден шығаруға тыйым салынды

0
1 469

Денсаулық сақтау министрлігі аймақ тұрғындары арасында сібір жарасының 12 жағдайын растағаннан кейін ауқымды зерттеулер жүргізді.


Ақмола облысында сібір жарасының өршуіне байланысты ет-сүт өнімдерін өңірден шығаруға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында сібір жарасы өршуде. Енді аймақтан барлық ауылшаруашылық өнімдерін шығару шектелді, деп жазады Stan.kz

Денсаулық сақтау министрлігі аймақ тұрғындары арасында сібір жарасының 12 жағдайын растағаннан кейін ауқымды зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде өңірден өнім шығаруға тыйым салу туралы шешім қабылданды.

"Барлық тексерілген ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін әкетуге шектеу шаралары енгізілді. 536 кг ет өртеніп, жойылды. Ет аймақтан тыс жерлерге шығарылмаған. Инфекция ошағын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сібір жарасы ошағын оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жалғасуда", - делінген ведомство хабарламасында.

1 қыркүйекте Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында бірден 12 адам сібір жарасын жұқтырғаны белгілі болды. Олар инфекция бөліміне жатқызылды.