Ақмола облысында су құбырын қазған ер адам үйінділердің астында қалып, қаза тапты

0
497

27 шілдеде Ақкөл аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне телефон арқылы медбикеден Ақкөл қаласы, "Наука-1" саяжайы мекен-жайында 59 жастағы ер адамның су құбырын жүргізу кезінде қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.


Ақмола облысында су құбырын қазған ер адам үйінділердің астында қалып, қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 59 жастағы ер адам су құбырын жүргізу кезінде жердің жоғары бөлігі опырылып үйінділердің астында қалды. Бұл жұмысқа үй иесімен ауызша келісім жасаған ол оқиға орнында алған жарақатынан қаза тапты, деп жазады Stan.kz

27 шілдеде Ақкөл аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне телефон арқылы медбикеден Ақкөл қаласы, "Наука-1" саяжайы мекен-жайында 59 жастағы ер адамның су құбырын жүргізу кезінде қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына Ақкөл ІІБ-нің жедел-тергеу тобы барды. Мұнда Ақкөл қаласы, "Наука-1" саяжайы, ауласында орналасқан ені 1,5 метр, тереңдігі 2 метр қазылған құбыр тексерілді.

Анықталғандай, 27 шілде күні сағат 16:30 шамасында 59 жастағы ер адам үй иесімен ауызша келісім бойынша тереңдігі 2 метр траншеяға түсіп, су құбырын төсеу үшін ор қазған. Шұңқырды таптау кезінде жердің жоғарғы бөлігі опырылып, нәтижесінде ер адам үйінділердің астында қалған. Өкінішке орай азамат алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты.

Бұл факт ҚР-ның Қылмыстық кодексi "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша тіркелді. Мәйітке Астанада сот-медициналық сараптама тағайындалды.