Ақмола облысында тас жолда қалып кеткен 16 шетелдік эвакуацияланды

0
1 419

Ішінде екі бала бар.


Ақмола облысында тас жолда қалып кеткен 16 шетелдік эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Көкшетау қаласының жылыту бекетіне Тәжікстанның 26, сондай-ақ Өзбекстанның екі азаматы, оның ішінде екі бала жеткізілді, деп жазады Zakon.kz.

Құтқарушылар шетелдіктерді 9 желтоқсанда сағат 01:00-де "Астана-Петропавл" тас жолындағы блок бекеттен эвакуациялады.

Эвакуациялау жұмыстарына Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері де ат салысты.

Ақмола облыстық ТЖД ел азаматтарына төтенше жағдайға тап болған кезде 112 нөмірі бойынша дереу хабарласу қажеттігін еске салады.