Ақмола облысында үш жігіт жоғалып кетті: екеуінің денесі табылды

0
735

Үш дос көлге балық аулауға кетіп, жоғалып кеткен.


Ақмола облысында үш жігіт жоғалып кетті: екеуінің денесі табылды

ERNUR.KZ. Үш дос Ақмола облысының Астрахан ауданындағы Баршын көліне балық аулауға кетіп, жоғалып кетті. Екеуінің денесі табылған, үшінші адамды іздеу жалғасуда. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп жазады kaz.nur.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, үш дос көлге балық аулауға кетіп, жоғалып кеткен.

Іздеу жұмыстарының жалғасып жатқанына бес күн болды. Оқиға болған жерден аударылған темір қайық табылды. Ол жағалаудан 1 км қашықтықтағы қамыстан табылды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында екі ер адамның мәйіті табылды. Олардың бірі 39 жаста, екіншісі 44 жаста болған. 42 жастағы үшінші адамды іздеу жалғасып жатыр.

Мамандар барлық сақтық шараларын сақтай отырып, балық аулауға кеңес береді. Қайықтар жарамды болуы керек, сонымен қатар жеке өмірді құтқару құралдары болуы қажет.

Марқұмның ағасы олардың теңізге балық аулауға шыққандарын айтты. Алайда, қайықта тесік пайда болып, ол батып кетіпті. Құтқару операциясына құтқарушылар, полиция қызметкерлері және әскери қызметкерлер қатысты.