Ақмола облысында зейнеткер 18,8 млн теңгеге алданып қалды

0
436

Алаяқтар зейнеткерді уақытты жоғалтпауға және "мұнай, газ және т.б. сатудан немесе сатып алудан пайда табуға" 2-17 мамыр аралығында белгілі бір банктік шоттарға ақша аударуға көндірген.


Ақмола облысында зейнеткер 18,8 млн теңгеге алданып қалды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының тұрғынын алаяқтар 18,8 млн теңгеге алдап кеткен, деп жазады sputnik.kz.

2 мамыр күні 68 жастағы Степногорск тұрғыны интернеттегі жарнамадан "Halyk Bank" биржасына тиімді инвестиция салуға болатынын көріп, қызығушылық танытып, сайтта көрсетілген абоненттік нөмірге қоңырау шалған.
Алаяқтар зейнеткерді уақытты жоғалтпауға және "мұнай, газ және т.б. сатудан немесе сатып алудан пайда табуға" 2-17 мамыр аралығында белгілі бір банктік шоттарға ақша аударуға көндірген.
Залалдың жалпы сомасы 18 млн 800 мың теңгені құрады. Аталған соманы төлеу үшін жәбірленуші түрлі банктерден несиеге алып, туыстарынан қарыз алған.
Кейінірек алаяқтар жәбірленушімен байланыс орнатуды тоқтатқан. Зейнеткер алдағанын түсініп, полициядан көмек сұраған.
Степногорск қаласының полиция басқармасы осы дерекке сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктілер он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.