Ақмола облысында жоғалған 9 жасар бала көршісінің үйінде ұйықтап қалған

0
401

Ол достарымен жасырынбақ ойнап жүріп, ұйықтап кеткен.


Ақмола облысында жоғалған 9 жасар бала көршісінің үйінде ұйықтап қалған

ERNUR.KZ. Кешкі уақытта жасырынбақ ойнап жүрген бала көршілерінің үйінде қатты ұйықтап қалған. 6 маусым күні таңғы сағат 04:55-те Бұланды аудандық полиция бөліміне аталған ауданның жергілікті тұрғыны 9 жастағы туысын іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішімен жүгінді, деп жазады zakon.kz.

Өтініш берген әйелмен мән-жайды анықтап сөйлесу барысында жоғалған баланың әжесімен бірге тұратыны және оның 5 маусым күні кешкі сағат 23:00 шамасында үйден шығып, қайтып оралмағаны белгілі болды.

Өздерінің сәтсіз іздестірулерінен кейін, баланың жақындары полицияға хабарласқан. Полиция бөлімінің жеке құрамы жоғалған баланы дереу іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары елді мекеннің барлық қараусыз қалған ғимараттарын, ауылға жақын аумақты, құдықтарды, сондай-ақ Жарлыкөл көлінің жағалау аймағын тексерді.

Іздеуге мұғалімдер мен ауыл тұрғындары қосылды. Нәтижесінде жоғалған бала көршілерінің үйінде ұйықтап жатқан жерінен табылды. Ол достарымен жасырынбақ ойнап жүріп, ұйықтап кеткен. Алдын ала нұсқа бойынша балаға қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмаған. Бала әжесіне аман-есен тапсырылды.