​Ақмола облысында жұмыртқа көлемімен бірдей бұршақ жауды

0
981

Бұршақ жылыжайды қиратып кеткен.


​Ақмола облысында жұмыртқа көлемімен бірдей бұршақ жауды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Қонысбай ауылында жұмыртқа көлемімен бірдей бұршақ жауды деп жазады Қазақпарат.

Қонысбай ауылы “Красная Ярa” ауылынан шамамен 8 шақырым жерде орналасқан.

"Біздің көлігіміз гаражда болғаны жақсы болды. Бірақ көршілер, көліктерінің әйнектері сынғанын айтты. Ал біздің жылыжайдағы бағымыз төтеп бере алмады", - дейді жергілікті тұрғын Жазира Тоқтар.

Қыздың айтуынша, жергілікті тұрғындар бұрын-соңды мұндай жағдайдың болмағанын айтады.