Ақмола облысындағы құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты

0
674

Астана қаласының 1966 жылы туған тұрғынының биіктіктен құлап мерт болғаны анықталды.


Ақмола облысындағы құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты

ERNUR.KZ. 18 қарашада Ақмола облысында жұмысшы қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

Полицияға құрылыс алаңында оқыс оқиға туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жеткен полицейлер Астана қаласының 1966 жылы туған тұрғынының биіктіктен құлап мерт болғанын анықтады.

"Ер адам салынып жатқан учаскеде жұмыс істеп, төрт метр биіктіктегі тірек бөлігі опырылып құлаған", - делінген хабарламада.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр.

Полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Елордалық полиция департаменті 12 қазанда биіктіктен құлап, апатқа ұшыраған үш өнеркәсіптік альпинистің өліміне қатысты тергеуді жалғастыруда. Қылмыстық іс бойынша жәбірленушілердің жұмыс берушісі қамауға алынды.