Ақмола облысының бірнеше лауазымды тұлғасы ұсталды

0
1 481

​ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, "Қазақалтын" ТМК АҚ шахталарынан құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіруге көмектескен Ақмола облысы ІІД лауазымды тұлғаларының қылмысын әшкереледі,-деп хабарлайды sputniknews.kz.


Ақмола облысының бірнеше лауазымды тұлғасы ұсталды

ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, "Қазақалтын" ТМК АҚ шахталарынан құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіруге көмектескен Ақмола облысы ІІД лауазымды тұлғаларының қылмысын әшкереледі,-деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қылмыстық топқа Степногор қаласы ІІБ басшысының орынбасары Т.Д. Дүйсембаев, Ақсу кенті полиция бөлімінің басшысы С.Н.Бибатыров, Бестөбе кенті полиция бөлімінің басшысы Д.К.Айнагелдинов, Степногор қаласы ІІБ жедел уәкілдері А.Жекібаев және А.Б.Құлышев, сондай-ақ теріс діни ағымда жүргендер кірген.

Олар сенімді тұлғалар арқылы шахтаға заңсыз түскені, еш кедергісіз құрамында алтыны бар кенді өндіріп, сатып отырғаны үшін "алтын іздеушілерден" жүйелі түрде бірнеше рет пара алған.

Тінту барысында 23 миллион теңгеден астам ақша, қару-жарақ, жарылғыш заттар, түйіршіктелген алтын табылып, тәркіленді.

14 наурыз күні күдіктілер Көкшетау ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жүріп жатыр.