Ақмолада 140 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі есірткі тәркіленді

0
1 142

Аршалы ауданының полицейлері «Екатеринбург - Алматы» тас жолында Астана қаласының 34 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан Mercedes маркалы автокөлікті тоқтатқан. Техникалық құралды тінту барысында жүк көлігінен «гашиш» салынған 5 қорап пен жолдорба және полиэтилен пакеті тәркіленіп алынды.


Ақмолада 140 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі есірткі тәркіленді

фото: Ақмола облыстық ІІД -нің жедел түсірілімі

Арнайы операция барысында тәртіп сақшылары 140 келі 530 грамм есірткі затын тәркіледі,-деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құқықтық тәртіп» жедел-іздестіру шарасы барысында есірткіге қарсы күрес құрылымының қызметкерлері Аршалы және Жақсы аудандарының аумағында екі арнайы операцияны сәтті жүзеге асыру нәтижесінде ірі мөлшердегі есірткі затын заңсыз сату және тасымалдау күдігімен бір топ азамат ұсталды.

Аршалы ауданының полицейлері «Екатеринбург - Алматы» тас жолында Астана қаласының 34 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан Mercedes маркалы автокөлікті тоқтатқан. Техникалық құралды тінту барысында жүк көлігінен «гашиш» салынған 5 қорап пен жолдорба және полиэтилен пакеті тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысы тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 140 кг. 530 грамм екенін көрсетті. Оның қара базардағы құны 140 000 АҚШ доллары.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дәл осы күні Жақсы ауданының аумағында полиция қызметкерлері 264 грамм гашиш сатып жүрген осы топтың тағы бір мүшесін ұстады. Күдіктінің үйін тінту барысында есірткі заты, тапанша және бірнеше оқ табылды. Қазір полиция бұл іс бойынша әрі қарай жедел тергеу-іздестіру шараларын жүргіп жатыр.

Күдіктілер ұсталып, абақтыға қамалды