Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары жұмысқа шықты

0
364

Оған билікті асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын.


Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары жұмысқа шықты

ERNUR.KZ. Ақпанда екі айға қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов жұмысқа оралды. Шенеунік сейсенбі, 24 мамырда қызметтік міндетіне кірісті, деп жазады tengrinews.kz.

Ниязовтың ұсталғаны туралы ақпарат 24 қаңтарда жарияланды. Қаржы мониторингі агенттігі бұл ақпаратты 4 ақпанда ресми түрде растап, әкім орынбасарының екі айға қамауға алынғанын хабарлады. Оған билікті асыра пайдаланды деген айып тағылды. 17 ақпанда сот тергеушінің бұлтартпау шарасын "үйқамаққа" өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды.

Осы уақыт бойы әкім орынбасары ақысыз демалыста болған.