Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына Дәурен Абаевтың кандидатурасы мақұлданды

0
507

ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен кандидатураны ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов ұсынды.


Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына Дәурен Абаевтың кандидатурасы мақұлданды

ERNUR.KZ. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына Дәурен Абаевтың кандидатурасы мақұлданды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл талқылау ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілді. ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен кандидатураны ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов ұсынды.

Талқылаудан кейін Абаев Дәурен Әскербекұлының кандидатурасын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына ұсынуға болатыны туралы Тұжырымдама бекітілді. Айта кетейік, бұған дейін Дәурен Абаев ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі қызметін атқарған болатын. Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған.

2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. 2014 жылы Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған. 2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді. 2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланды Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды. 2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты. 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары. 2009 жылдың қазанынан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылдың шілдесінен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды. 2016 жылдың мамырынан бүгінгі күнге дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі болды. І-сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. «Құрмет» орденімен марапатталған.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет