АҚШ әскери ұшағы Нұр-Сұлтанға неге ұшып келді

0
198

3 қыркүйекте ресейлік Telegram-каналдарда Нұр-Сұлтан қаласына АҚШ ӘӘК Boeing C-17A Globemaster III ауыр көлік ұшағы қонғаны туралы ақпарат тарады.


АҚШ әскери ұшағы Нұр-Сұлтанға неге ұшып келді

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров АҚШ қарулы күштерінің әскери көлік ұшағы Нұр-Сұлтанға неге қонғанын түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.

3 қыркүйекте ресейлік Telegram-каналдарда Нұр-Сұлтан қаласына АҚШ ӘӘК Boeing C-17A Globemaster III ауыр көлік ұшағы қонғаны туралы ақпарат тарады.

Смадияровтың айтуынша, ұшақ астанадағы АҚШ елшілігіне дипломатиялық жүк жеткізген.
"Ұшақ біздің америкалық тараппен уағдаластығымыз бойынша ұшып келді. Ол Америка елшілігіне дипломатиялық жүкті жеткізді. Дипломатиялық пошта таситын барлық ұшақ АҚШ ӘӘК-ке тиесілі. Осындай практика бар. Сол себепті олар әскери. Бұған дейін ол поштаны өңірлерге, кейбір елдерге тасыды. Ұшақ бір жарым сағат тұрды, поштаны түсірген соң қайта ұшып кетті", - деп түсіндірді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
СІМ ресми өкілі азаматтардан әлеуметтік желілердегі қауесетке сенбей, тек ресми ақпаратқа сүйенуді сұрады.