АҚШ азаматы қазақстандықтарға ғарыштан құттықтау жолдады (видео)

0
819

АҚШ азаматы ғарышты бағындырған тарихи айлақ — Байқоңыр космодромы жайында да жылы лебізін білдірді.


АҚШ азаматы қазақстандықтарға ғарыштан құттықтау жолдады (видео)

ERNUR.KZ. Биыл көктемде ғарышқа аттанған АҚШ астронавты Марк Томас Ванде Хей Американың біздегі елшілігі арқылы жылы лебізін білдіріп, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп жазады exk.kz

"Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын. АҚШ алғашқылардың бірі боп тәуелсіздіктеріңізді мойындаған. Содан бері екі ел арасын барлық бағытта, әсіресе ғарышты игеру жағындағы қарым-қатынас дамып келеді", - деп құттықтады Томас Ванде Хей.

АҚШ азаматы ғарышты бағындырған тарихи айлақ — Байқоңыр космодромы жайында да жылы лебізін білдірді.

"Мен өзім Байқоңырдан екі рет ғарышқа ұшу бақытына ие болған адаммын. Байқоңыр ғарыш айлағының арқасында НАСА бірталай зерттеулерін жүзеге асырды", - деді америкалық астронавт.