АҚШ азаматы Ninety One әндері арқылы қазақ тілін үйреніп алды

0
2 775

Қыркүйек айынан бастап ол Тараздағы университетте студенттерге сабақ береді.


АҚШ азаматы Ninety One әндері арқылы қазақ тілін үйреніп алды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Эван Аллен атты азаматы Ninety One тобының өнеріне тәнті болғаны соншалық, қазақ тілін үйреніп алған, деп жазады ulysmedia.kz.

Қыркүйек айынан бастап ол Тараздағы университетте студенттерге сабақ береді. Ол қазақ тілін Ninety One тобының әнімен үйренгісі келеді.

«Мен Ninety One тобын бірнеше жыл бұрын қазақ тілін енді ғана үйрене бастаған кезде тыңдай бастадым. Мен орыс тілін білмегендіктен, қазақ тілін үйренуге арналған ресурстарды табу қиынға түсті. Сол үшін мен бұл топ туралы көбірек білген уақытта өте қуанышты болдым», - дейді ол.

АҚШ азаматы топтың әндерін тыңдап, әр сөздің ойын, интонациясын қайталап, қазақ тілін үйрену үшін көп уақыт оқығанын айтады. Эфан олардың бүкіл әнін біледі екен. Тіпті ол Астанадағы Ninety One тобының жеке концертіне де барған.

Эванс әйгілі Q-pop әншілерімен кездесуді армандайды. Видео Қазақстандағы АҚШ Миссиясының парақшасында жарияланды.